Абай облысының тұрғындары үшін дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа цифрлық сервистер қолжетімді болды
Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында Абай облысында «СК-Фармация» ЖШС әзірлеген Telegram және WhatsApp платформаларындағы жаңа чат-боттар іске қосылды.
Цифрлық сервистер облыс тұрғындарына дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты тәулік бойы онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.
Чат-боттардың мүмкіндіктері:
дәрілік заттардың қолжетімділігін тексеру;
рецепт бойынша ақпарат алу;
тегін берілетін дәрілік заттардың тізімімен танысу;
Байланыс орталығына өтініш жолдау;
тәулік бойы (24/7) қызметті пайдалану;
ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде алу.
Жаңа цифрлық шешімдер дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығын арттыруға, қажетті ақпаратты алу уақытын қысқартуға және пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.
Қызметті пайдалану үшін QR-кодты сканерлеу немесе Telegram және WhatsApp чат-боттарына өту жеткілікті.
Байланыс ақпараты:
Байланыс орталығы – 1439
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Telegram-бот: @cont_center1_bot
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел әрі қолжетімді ақпарат алу үшін жаңа цифрлық сервистерді белсенді пайдалануға шақырады.
