Гепатитті алдын алу - КГП на ПХВ «Жарминская ЦРБ» УЗ ВКО акимата 

+7 (723 47) 65-371

Главная

Автор: Super User
Категория:

28 шілде – Бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын осы дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан аталған инфекциялық ауру туберкулезден кейін екінші орында тұр. Ал гепатит жұқтырғандар саны АИВ санынан 9 есеге көп.

Гепатиттің алдын алуға және емдеуге болады, ал С гепатиті толық жазылады.

Гепатит вирустарының A, B, C, D және E деген бес түрі бар. Олар ағзаға еніп, бауырды зақымдайды. Бұл жағдайда бауырдың атқаратын қызметі – барлық зат алмасу түрлері бұзылады. Бауырдың улы заттарды залалсыздандыру қабілеті жойылады, витамин алмасу процесі бұзылады.

  1. Бауыр циррозынсыз созылмалы «В», «С», және «Д» вирустық гепатиті диагнозы қойылса, не білуіңіз керек?

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

  1. Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?

Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді БМСК дәрігерінің қарауы - 6 айда 1 рет болады№

  1. Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?
  • тромбоциттермен қанның жалпы талдауы - 6 айда 1 рет
  • қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза( АЛТ), аспартатаминотрансфераза( АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) - 6 айда 1 рет
  • коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) - 6 айда 1 рет
  • "В" вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде "В" вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық - 6 айда 1 рет
  • Бауыр УДЗ-жылына 1 рет
  • бауырдың жанама импульсті эластометриясы (Фиброскан) - 2 жылда 1 рет
  • "B", "С" (F2 фиброз сатысында) және "D" созылмалы вирустық гепатиті кезінде пациенттер өмір бойы диспансерлік есепте тұрады.
  • Созылмалы " С " вирустық гепатитінде (фиброз сатысында F1-ден кем) пациенттер элиминация, яғни ауру толық жойылған жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін.